Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жер – Анамын! сөз алам да бүгін мен.
Ақ сүтіңдей ананың, құдіретті тіліңмен,
Қара қылды қақ жарып,
Жарыламын ағынан:
Ұлыларды пір тұтып,
Ұлылардың ұлысы –
Мен Адамға табынам!
Өйткені Адам – ұлы тау, таулардан жерде
кім биік?!
Ойлары шалқар мұхиттай, мұхиттай ойы
тұңғиық.
Жоғарырақ бәрінен
Ұлылығы ендігі:
Бүкіл әлем халқы үшін,
Даламдай дарқан кеңдігі!
Тау – еңселі данышпан, Дала – дарқан
ғұлама,
Мұхит десең тұңғиық ойлар көзде тұна ма?
Қастерлеймін мен сені,
Мәңгі – бақи өлең қып:
Ұлылықтың өлшемі –
Биіктік!
Кеңдік!
Тереңдік!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі