Дала мен тау

Бұл бетте «Дала мен тау» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1053
Дала мен
Бір ана баласындай,
Даналығы өмірдің бар осындай.
Расулдың ойлы жыры —
Тауларындай,
Мұхаңның ұлылығы
Даласындай.
Шыңдарың таласатын биік көкпен,
Расул ақын әлемге сүйікті еткен
Жер — АНА!
Жұдырықтай жүрегіне,
Мұхтарың —
Даласымен сыйып кеткен.
Кішіпейіл көңілдер жараса алған,
Қарсы алар авар тауын даласы алдан.
Расулға—
Кең өлкеміз кішірейіп,
Мұхаңа —
Авар тауы аласарған.
Көтерер әлем жүгін иықпенен,
Кеңдікті,
Биіктікті сүйіп келем:
Мұхаңмен —
Кеңіп салып кең даламыз,
Расулмен —
Авар тауы биіктеген.
Расулмен таныды әлем өрлігімді,
Мұхтармен таныды әлем елдігімді.
Дала ұлы —
Арман етіп биіктерді,
Тау ұлы —
Аңсап өскен кеңдігімді!
Өзіңнің келісімің
Кесіміңмен,
Әйелдер босанатын үйден шықтың,
Бас тартып,
Ана деген есіміңнен.
Бәрін де көрсеңіз де,
Көнсеңіз де,
Келмегені үшін бе ол сені іздеп?
Бір жолата қоштастың,
Жолықтырып
Ана болу бақытын
Он сегізде.
Қылығын қалап алып есер, ездің,
Сол күні көңілсіздеу көше кездің.
Бәрі де кінәлайтын сияқтанды
Қарсы келіп қадалған неше көздің?!
Еңсеңді жұмбақ күштер езіп алды,
Жеңе алмай арпалыстың сезім-арды,
Құлағыңда — іңгәсі нәрестеңнің,
Көкірегіңде жәудіреп көзі қалды.
Өз-өзіңнен отырып, жылағың кеп,
Көз жасыңды көл етіп бұладың көп,
Қайғының қара орманын жолықтырдың,
Өміріңнің ағысын бұрамын деп.
Қолға алмай қайта таппас қимасыңды,
Ұғындың көз жасыңды тыймасыңды.
Құп-құйттай, сүп-сүйкімді нәрестесіз,
Сезіндің кең дүниеге сыймасыңды.
Тағдырдың бораны ма?
Дауылы ма?
Жолықтың тауқыметтің ауырына.
Сен іздеп оралғанша,
Басқан еді
Баланды баласыздар бауырына.
Ұғындың
Қасіреттің зардың барын,
Тата алмай бала деген балдың нәрін.
Ұлыңды кім алғаны құпия боп,
Қайғыменен қарсы алдың таңның бәрін.
Сезіндің орны қайта толмайтыны,
Көзіңді қайғы-тұман торлайтынын,
Қолыңдағы бақытты жоғалтқаннан,
Ең ауыр өкініштер болмайтынын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дала мен тау өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Дала мен тау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дала мен тау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Дала мен тау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері