Уа, халайық!

Бұл бетте «Уа, халайық!» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1383
Уа, халайық!
Тұрыңдар!
Сот келеді!
Жалдауға —
Адвокаттың жоқ керегі,
Жүрміз біз бәріміз де кепілдікте,
Ғұмырымыз мәңгі емес,
Өтпелі өмір!
Өтпелі өмір!
Жадында жатталсын көп.
Жолдарда —
Бізді күтіп жатқан сын көп.
Кепіл — өмір берілген бәрімізге,
Уақыт — соттың алдында ақталсын деп,
Адамзат!
Ертеңіңді бесікте ойлан,
Туғанда-ақ тағдыр соты шешіп қойған.
Табиғат алаламай бәрімізді,
Өлімнің жазасына кесіп қойған.
Өмірдің алары аз,
Көп берері,
Ақтауға —
Адвокаттың жоқ керегі.
Әділетті,
Ең қатал Уақыт атты,
Уа, халайық!
Тұрыңдар!
Сот келеді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Уа, халайық! өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Уа, халайық! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Уа, халайық! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Уа, халайық! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар