Ньютон алмасы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1400
Үзілді Алма!
Ұлылық жаршысындай,
Табиғат көз жасының тамшысындай.
Тап болды ұлы Ньютон маңдайына,
Ғылымның құла мерген аңшысына.
Уақыт үзіп келген қанша алмадан,
Құпия құбылысты жан шалмаған.
Тартылыс ұлы күшін тұңғыш рет
Ньютондай ешбір адам жар салмаған.
Ол үшін өмір жұмбақ әлем бе еді?
Адамына сын артқан әр елдегі.
Талайдың маңдайына тиген алма
Талайдыңойсыздығын дәлелдеді.
Дәлелдеп талайлардан торықты ма?
Торығып ойсыздардан қорықты ма?
Әйтеуір сол алманы әлем білді,
Ньютонның маңдайына жолықты да!
Жолығып дүниенің сырына енді,
Өзгертіп өрелі ойын бұрын елдің,
Енді алмалар үзілді, алма еместей,
Тартылыс күші болып ұлы Жердің.
Жұлдыздарға талай көз қадалды мың,
Жұмбақ дүние жапқанмен жанарды мұң,
Бір алма арқасында айға барып
Жер бетіне оралды Адам бүгін!
Дуниенің сырты емес ішін көріп,
Ғұлама ой жұмыр баста мүсінделіп,
Бір алма арқасында Адам тұрды,
Жердің ұлы тартылыс күшін жеңіп!
Жеңем деп тартылысты самғаймысың,
Махаббат ұлы күштен талмай құсым.
Үзілсең үзілгейсің алма арулар,
Ньютонның мандайындай маңдай үшін!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ньютон алмасы өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Ньютон алмасы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ньютон алмасы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ньютон алмасы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері