Мақпал

Бұл бетте «Мақпал» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.04.2022
  • 0
  • 0
  • 850
Өтіп еді Мақпал көлде қайран күндер
көп қызық,
Балалықтың тәтті дәмін арман жолы
кетті үзіп.
Айдыным жоқ қайта оралсам еліме,
Шұғылалы бес көктемді өткізіп.
Балалығын,
Бал дәуренін ұмытады қай гүлің?
Неге үнсізсің?
Қайда суың?
Қайда мөлдір айдының?
Неге, неге таңдайыңда тамшы жоқ,
Қабағыңды шалғандай ма қайғы, мұң.
Балалықтың бал базары,
бақытты үні,
наз қайда?
Еркелейтін толқын қайда?
Шомылатын жаз қайда?
Аспаныңнан ақ шағала кетті неге алыстап,
Айдыныңда аққу қайда?
Арманыңдай қаз қайда?
Өттің-кеттің,
Айдын көлім қайда ағып?
Сарқылсаң да сортаң тартқан сай қалып,
Толқисың сен,
Толқисың сен жүректе,
Менің мөлдір жыр көліме айналып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақпал өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Мақпал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақпал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақпал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері