Жауынгердің соғыстан соң көрген бірінші түсі
Бұл бетте «Жауынгердің соғыстан соң көрген бірінші түсі» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қош айтысып, анашым, асылыммен,
Қош айтысып, аяулы — ғашығыммен,
Қоштасып туған жермен шалғай қалған,
Кәусардай бұлағына қанбай қалған,
Қыршын жас достарыммен Отан қорғап,
Жүр екем отты кешіп қан майданда.
Қалдым мен сол соғыстан қайта оралмай,
Арманымды өмірге айта да алмай,
Жүрегім туған жер деп алып ұшқан,
Тағдыр ма: құрбан болдым, жаңылыстан.
Жылады-ау жан анашым қыршыным деп,
Жылады-ау жан жарым да сағыныштан.
Оянсам — түсім екен бұл ағайын,
Тұр төгіп, тереземнен күн арайын,
Бейбіт күн, ризамын мен өзіңе,
Түс көріп —
Өңімде қалай енді мұңаяйын?
Өңімде мен қуанайын.
Осылай өмірде мен оянайын!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі