Сыр – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Сыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2022
  • 0
  • 0
  • 820
Таңымдай қуанышым бар осында,
Жанымдай жұбанышым бар осында,
Арымның шамшырағы бар осында,
Қанымның тамшылары бар осында,
Сезімнің дала шығы бар осында,
Көзімнің қарашығы бар осында,
Көңілдің көктемдері бар осында,
Өмірдің өткелдері бар осында,
Туған ел шапағатың бар осында,
Өзіңе махаббатым бар осында,
Көңілдің күрсінгені бар осында,
Жүректің дүрсілдері бар осында,
Тоғысар өзіңменен туды таңым,
Қолыңда — тағдырымдай жыр кітабым.
Енді өзіңнің кеудеңде тамыр жайсын
Жүрегімнен үзілген бір бұтағым...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері