Дана халқым осылайша сыр еткен

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 859
Дана халқым осылайша сыр еткен,
Туған бірақ ізгі ниет тілекпен;
Жас туралы шежіреге сүйеніп,
Әзіл-шынын жырға қостым жүрекпен.
Бұл да өмірдің бір өзіндік дастаны,
Адамзаттың сараланған жастары.
Жас сырына тереңірек бойласақ,
Былай дейді жұмбақ жырдың астары:
– Қайран өмір! Өтсін мейлі қамығып,
Жылдар! Жылдар! Өтсін мейлі жабығып,
Нұрлы таңдай дүниеде мөлдіреп,
Бала ойындай оятқайсың пәк үміт;
Махаббаттан гүл өмірге елжіреп,
Ғашықтардай келер күнді сағынып,
Адамдықтың өз жасымен өмір сүр,
Адалдықтың көз жасына табынып.
Адам! Адам! Жүректерді қозғасын,
Адамдықтан пендешілік озбасын.
Махаббатпен, адалдықпен өмір сүр,
Екеуі де өз ғұмырың, өз жасың!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дана халқым осылайша сыр еткен өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Дана халқым осылайша сыр еткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Дана халқым осылайша сыр еткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дана халқым осылайша сыр еткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері