Көктем

Бұл бетте «Көктем» атты Бүбішхан Тікебаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Анашымның күлкісіндей – шуақты,
Көктем келді, сылдырлатып бұлақты.
Құстар ән сап,шағалалар шарықтап,
Бәйшешектер басып кет­ті қырат­ты.

Ой-хой көктем, неткен сұлу, көрікті ең.
Мыңғыраған малды көрдім өрістен.
Жатқан мына кең даланың төсінде.
Жан-жануар тіршілікпен келіскен.

Күн жылынды, мақпал жерге гүл өсті,
Сандуғаштар сайрап әнге ілесті,
Келді көктем ән салып тұр бұлақтар.
Табиғатпен бөліскендей үлесті.

Теңіз жатсын буырқанып, бұлқынып,
Жасыл көктем тұршы осылай құлпырып.
Нөсерлетіп жаңбырыңды жауып өт,
Қалсын менің көңілімде жыр тұнып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем өлеңінің авторы кім?

Бүбішхан Тікебаева — осы өлеңнің авторы.

Көктем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері