Бұл бетте «Шекарашы ағаға» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бөліп тұрған екі қоғам, екі елін,
Сіз білесіз шекараның ңе екенін.
Сіз білесіз қатысы жоқ бейтарап
Екі араның не екенін?
Тұлпар мініп шапсақтағы ерттеулі,
Қалаймыз біз ізетті аттап өтпеуді.
Жеке-жеке өз алдына бір-бір ел,
Адамда да шекара бар шектеулі.
Жағалауға шығып қалған жайындай,
Құлап түсіп, сұлап жатар қайыңдай.
Адам болса шекарасын ұмытқан,
Жақсы-жаман екі арасын айырмай.
Үлкендерді қастер тұтып мақтанам,
Кіші болып екі араны сақтағам.
Жолын кесіп жолай өткен жоқ күнім,
Аға-іні шекарасын аттаман!
Бөліп тұрған екі қоғам, екі елін,
Сіз білесіз шекараның не екенін.
Сіз білесіз қатысы жоқ бейтарап,
Екі араның не екенін?
Ізеттілік-іздегенге тапшысы,
Қонса-дағы басыңызға бақ құсы.
Бұл өмірде бола білген жақсысы,
Азаматтық шекараның сақшысы!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі