Ақ желкен – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Ақ желкен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1669
Айдарынан жел ескен,
Толқынымен тел өскен.
Тағдырымыз табысқан,
Теңіз ұлы емес пе ем?!
Теңіз десе елжіреп,
Екі көзі мөлдіре.
Балауса шақ елестер,
Желкеніндей желбіреп.
Желбірейді желкенім,
Өмір кешіп өркенім.
Ақ желкенім арман боп,
Қайда кеттің, ертегім?
Ертегім ең, елес ең,
Қөңілімнің кемесі ең.
Ақ желкенді қайығым,
Алыс кеттің неге сен?
Ұйқылы-ояу пішінде,
Пейіш бақтың ішінде.
Ақ желкенде жүземін
Анда-санда түсімде!
Қызығына батамын,
Тоя да алмай жатамын.
Қимай сені, ақ желкен,
Ояна алмай жатамын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері