Өлең, жыр, ақындар

Жұмыс

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1462
Терді төкпей ата жолы ақталмас,
Еңбек! Еңбек! Өмір отын жақты алғаш.
Шаршаудың да тірлік үшін мәні үлкен,
Жұмыс! Жұмыс! Сенен артық бақ болмас!
Әлі есімде алпыс жылын той жасап,
Алпыс жылдың қырық жылын жолға сап.
Темір жолдың балғасымен қоштасып,
Демалысқа шықты әкеміз қол босап.
Құр отыру қиын екен қалайда,
Берілетін қарт әкеміз сан ойға.
Темір жолдың балғасымен қырық жыл
Достасқанға, — Жұмыссыздық оңай ма?
Елге сыйлап еңбегімен ырыс-құт,
Қандай жақсы болғанымен тыныштық.
Дені сап-сау үйге сыймай әкеміз,
Жүретін-ді жоқтан-барды жұмыс қып.
Мойындамай үлкендікті, шалдықты,
Жүргенінде бір ауруға шалдықты.
Төсек тартып тұра да алмай орнынан,
Айыға алмай ауруымен, жан күтті.
Өнер шығып қайдағы жоқ не түрлі,
Үйдегі бар жарғысы кеп отынды.
Өлерінен аз күн бұрын қиналып,
Ағаш жонып, балта саптап отырды.
Айтқан сөзге құлақ аспай не керек,
Өз-өзінше ауруды да елемек.
Сүйсіне бір қарап қойып балғаға,
Орындықты отырды әкем шегелеп...
Таусылды да бар тағаты төзімнің,
Қайран қартым көп ұзамай көз ілді.
Мен әкеме қарап койып сол кезде,
Жұмыс сенің жұмбағыңды сезіндім!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елуде – елуінші ағаш ектім

  • 0
  • 0

Өлеңмен тарттым азап, жапа шектім.
Ойлардың тар түрмесі, қапасы өттің.
Бір кездер айта алмаған сөз орнына,
Елуде – елуінші ағаш ектім.

Толық

Көш

  • 0
  • 1

Көш келеді,
Қорқыт бабам қобызы,
Аңызақжел,
құмдар көмген жоқ ізі.

Толық

Өмірден айналайын Өмір – Анам

  • 0
  • 0

Өмірден айналайын Өмір – Анам,
Бір түрлі неге болсын көңіл алаң.
Құдай берген тіршілік сенің арқаң,
Кездесіп жақсылармен жолыға алам.

Толық

Қарап көріңіз