Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Бұл бетте «Болса да бұл өмірдің көп қызығы,» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы.
Тірлігің тірлік емес, еңбек жанып,
Жаныңды жылытпаса от қызуы.
Еңбекпен ел ішіне шығар атың
Бақыт пен Қуаныштан құралатын.
Еңбек деген өз отың, өзің жағып,
Шоғына жылынатын рахатың.
Жатқанда жүрегіңде шоғың мұздап,
Келсе де, тоқмейілдік көңілге аздап.
Еңбекке еркелігің жараспайды!
Ерке бол, ерке болсаң өмірге аздап!
Болса да бұл өмірдің көп қызығы,
Еңбексіз дүниенің жоқ қызығы!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі