Өлең, жыр, ақындар

Біздің ғасыр

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1248
Жаңғырып жер бетінде жол қалды — ізден,
Жан болмас түп-тамырмен орманды үзген.
Біздің Ғасыр,— дейміз біз,— Біздің Ғасыр,
Біздің Ғасыр өйткені, болған бізбен!
Сен маған Ғасырлас боп қосыласың,
Шертейік біз екеуміз қосыла сыр.
Құлақ сал, зердеңе түй, досым, асыл,
Біздің ғасыр — өрт ғасыр, атом ғасыр,
Біздің ғасыр — от ғасыр, осы ғасыр!
Бұл ғасыр өтеді ертең, қайран, ғасыр,
Орман болып жапырақ жайған ғасыр.
Соғыс пен Бейбітшілік арпалысқан,
Күрес ғасыр! Мазасыз майдан — Ғасыр!
Біздің ғасыр бәрін де көрген ғасыр,
Өртті де, ажалды да жеңген ғасыр.
Жаралы жауынгердей құлап жатып,
Болашаққа бәрібір сенген ғасыр!
Өрт орнына жалғыз дән еккен ғасыр,
Көз жасын жесірлердей төккен ғасыр.
Жетім өскен сәбидей жасын жұтып,
Жәбір көріп, жетіліп жеткен ғасыр!
Ащы-тұщы өмірді татқан ғасыр,
Беліне қайыс белбеу батқан ғасыр.
Майданның алаңында өлім менен
Өмірдің арасында жатқан ғасыр.
Біздің ғасыр — бабалар күткен ғасыр,
Ар-ожданы пәк, таза, сүттен де асыл.
Әділетті соғыста әлемге айқын,
Жеңіс туын жүрекке тіккен ғасыр!
Жүзінен айдың нұры тамған ғасыр,
Жанарда жұлдыз оты жанған ғасыр.
Бостандықтың ең тұңғыш дәмін татқан
Адамзат баласына арман ғасыр.
Біздің ғасыр — данышпан, дана ғасыр,
Тау — ғасыр, теңіз — ғасыр, дала — ғасыр,
Бәрін де игіліктің иемденер
Тұр күтіп Болашақтан жаңа — ғасыр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Соңғы сөзі ағаның

  • 0
  • 0

Екі көзім – екі бұлт,
Төгіп жатыр нөсерлерін қайғымен;
Ауру деген жер-жүректің төсіне
Тіліп түскен білем.

Толық

Табалап бір ісіме күліп кеткен

  • 0
  • 0

Табалап бір ісіме күліп кеткен,
Күліп кеткен.
Намыстың отты шоғын үріп кеткен,
Ризамын дұшпаныма қайрап қайта

Толық

Сезіндірген білімсіздік бекерін

  • 0
  • 0

Сезіндірген білімсіздік бекерін,
Сезіндірген білімнің екенін,
Қазақ ұлттық университетім
Алтын ұям, асыл менің мекенім.

Толық

Қарап көріңіз