Биіктігім – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Биіктігім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2021
  • 0
  • 0
  • 524
Бұрқырадың, тасыдың,
Төгілдің асып шараңнан.
Мен ұға алмай жасыдым,
Айнымай тұрмын балаңнан.
Сен шығанға шырқадың,
Көрсетпек болып бойыңды
«Болатпын желке қырқатын» –
Деп тұрсың, ұқтым ойынды.
Мейлің сен ұйтқы, үдей түс
Ұғынсаң өзің өлгенің.
Тулатқан сені дүлей құш –
Биіктігім ол менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері