Көмеміз музыкасыз – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Көмеміз музыкасыз» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2264
Сөз теріп ұйқас жаман, ырғақ қалап,
Жүрміз ғой ақын деген атты арқалап.
Шығарсақ өлең жинап көңілдіміз,
Жырладық дей саламыз өмірді біз.
Жинақтар жатыр жауып жауған қардай,
Солардан тапқан кәне олжам қандай?
Қаншасын жұрт қуанып алар екен,
Қаншасы беті ашылмай қалар екен?
Сар жамбас сал аурудай төсектегі
Білеміз көп кітапты есептегі.
Жатады сол жатқаннан қозғалмайды,
Артында «оу» дейтін де сөз қалмайды.
Көмеміз музыкасыз, некрологсыз,
Қайысқан қабырғасы қалың жұртсыз,
– Жерленді жинақтардың бірі, - дейміз,
Шүкірлік, авторы әлі тірі дейміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері