Базына – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Базына» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2605
Ашпын, аға, келем жеуге асыңды,
Арнап соған қайрап келем тісімді.
Араным да айдаһардай ашулы,
Зәрін төгіп, жандырып тұр ішімді.
Толсын қазан қазы менен қартаға,
Күтсін жеңгем жегіш аузын қайнының.
Тартсын әкеп астауменен ортаға,
Керегі не ет үнемдеп баюдың!
Ой, жейінші Еттен кегімді алайын,
Көрсетейін ашқарақтың ерлігін.
Тым болмаса ет толтырсын ағаның
Маған деген мейрімінің кемдігін.
Мәз бол, аға, «жалған сыйлап ұттым» деп,
Мен де алданып сенген болып қалайын.
«Достықтары неткен мұнша мықты!» - деп
Айтып жүрсін қызықтағыш ағайын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері