Қарын тоқ – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қарын тоқ» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.03.2019
  • 0
  • 0
  • 3229
Отырмын, қарап, күлемін
Ана бір жүрген мастарға:
Біреуі түрген білегін,
Еменді жұлып тастауға.
Біреуі жепті таяқты,
Барады сұрап бас сауға.
Басады - ау әрең аяқты
Амалы қанша қашпауға.
Шіркіндер қалай құныққан,
Арақсыз аяқ баспайды.
Өздері әбден шыныққан
Көшеде - ақ қылғып тастайды.
Қарын тоқ кәзір, көйлек көк,
Жайына қалған бас қайғы.
Кісі деп кейде сөйлессең
Ішкенін айта бастайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері