Сахара суреті

Бұл бетте «Сахара суреті» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Көзбен кермей, білмейсің,
Сахараның суретін!
Өмір сүрмей, білмейсің
Сахараның құдіретін...
* * *
Сахаралы сары бел сыр аңдатты,
Сексеуілге оранып жылан жатты.
Сескеніп суық көзден орғып құмда,
Құйрығын қызыл түлкі бұлаңдатты.
Бұландап тірлік іштей сыр алысты,
Ор қоян түлкі алдында құрақ ұшты.
Алдына киік салып шапты қасқыр,
Қасқырды алға салып қыран ұшты.
Қапысыз қағып түсер қас қағымда,
Жер-көктің қуғанын да, қашқанын да,
Қыран бұл бүкіл көкті иемденіп,
Орнатқан патшалығын аспанында.
Дір етіп, дүр сілкінді тұнық аспан,
Көкжалы бар, көздерін ұлып ашқан,
Бірін-бірі андыған, бірі сасқан,
Бірі қуған, тірлік бұл, бірі қашқан.
Сондайды көріп-өлшеп көз қанғанда,
Қазақта айтылмаған сөз қалған ба?
Шынында, дүниеге қарап тұрсаң:
Қашқан да алда, өмірде озған алда!
Тапқайсың бұл тірлікте бір ретін,
Өмір сүріп ұғасың құдіретін.
Сахара сұлулығын мойындайсың,
Көзіңмен көрсең ғана суретін!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сахара суреті өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сахара суреті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сахара суреті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сахара суреті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері