Тебіреніп, толғана

Бұл бетте «Тебіреніп, толғана» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 583
Тебіреніп, толғана
Түсін бәрін сен, бала.
Сағынышпен күн кешкен,
Ата-бабаң – шөл дала.
Бақыттысың сен деген,
Ештеңе әлі көрмеген.
Еріндері кеберіп,
«Азаттықтан шөлдеген» –
Ата-бабаң – түбірің,
Әкең – сенің тұғырың.
Бақыты үшін ұрпақтың,
Арнап өткен ғұмырын.
Бойын билеп намыстар,
Жауын жеңіп жаныштар.
Бабаң сенің – көк жиек,
Жақындасаң алыстар.
Жемістері күздегі,
Бабалардың біз – демі.
Сайрап жатыр бабамның,
Шөл далада іздері.
Іздер деген немене,
Дала деген кемеде.
Бабалардың көргені –
Немере мен шөбере.
Күй төгетін мөлдіреп,
Домбырада сол тиек.
Жақындасаң жеткізбес,
Келер ұрпақ – көкжиек!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тебіреніп, толғана өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Тебіреніп, толғана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тебіреніп, толғана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тебіреніп, толғана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері