Асыл сөз – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Асыл сөз» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1036
Өлшеп сөйле қабырғаңмен кеңес те,
Біз де бір күн бала болдық жоқ есте,
«Әйел» дейміз біз ұмытып Әйелді,
Баламыздың жан анасы емес пе?!
Қайда жүрсем аңсап саған жетемін,
Ұя салған жанұям ғой мекенім,
Біз әйелді «әйел» дейміз, ұмытып,
Таңдап сүйген жан жарымыз екенін.
Ата-бабам айтып өткен ғасыр сөз,
Замандасым айтып өткен жасын сөз.
Қадірін біл, қолыңдағы алтынның,
Ғашық жарың — «Әйел» деген асыл сөз.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері