Бұл бетте «Мәртебелі әйел, сенсің» атты Шөмішбай Сариев жазған әйел туралы өлең берілген.
Мәртебелі әйел, сенсің бар бақыт,
Сені сүйіп келе жатыр таң да атып.
Сеніменен күллі өмір көркейіп,
Сеніменен ләззат алар жан жақұт.
Бақытты деп білем әрбір, әр үні,
Бақытты болса әйелі әр елдің.
Әлдиімен өмір жатыр сәбиі –
Құшағында Мәртебелі әйелдің.
Сезімнің де шуағы бар, таңның да,
Жанатұғын шырағы бар жанның да.
Күллі дүние басын иген табиғат,
Мәртебелі әйел, сенің алдыңда!
Әйелменен сырдың кілтін ашасың,
Әйелменен толқын атып тасасың.
Мәртебелі әйел өмір тұтқасы,
Мәртебелі әйел мәңгі жасасын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі