Өлең, жыр, ақындар

Көзіңнен айналайын мөлдіреген

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1962
Көзіңнен айналайын мөлдіреген,
Сөзіңнен айналайын елжіреген.
Даламның сұлу жібек самалындай,
Сезімнен айналайын желбіреген.
Шашыңнан айналайын – жиылған нұр,
Қасыңнан айналайын – қиылған гүл.
Көргеннен көз алмастай тұрып қалып,
Өзіңе мен бір жанмын сиынған бұл.
Төсіңнен айналайын гүл төбедей,
Құпия жұмбақ сырды бүркемелей.
Көрдім де бір өзіңді тұрып қалдым,
Адасқан жолдарынан бір кемедей.
Аралар қонып-ұшар гүл өзі бал,
Таңдайыңа татитын бір өзі бал,
Мен бір кез ғашық болған, есімде жоқ
Сенде осы сұлу әйел мінезі бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сол бір ән..

  • 0
  • 0

Сөйле-сөйле, сұлу сазды Домбырам,
Екеумізді тоғыстырған сол бір ән,
Сол әнменен әсем көлде жүздіріп
Аққуымды айдыныма қондырам.

Толық

Аралым

  • 0
  • 0

АРАЛЫМ – туған қаламсың,
Теңізім – туған анамсың,
Тамған тамшы қос көзден,
Ақ айдын мөлдір жанарсың.

Толық

Құлқын

  • 0
  • 0

Адамдарды құртатын құлқыны екен,
Құлқыннан да құтылу мүмкін екен.
Құлқындардың түбіне жете-тұғын,
Қапияда кез болар бір күн екен.

Толық

Қарап көріңіз