Ғашық жар
Бұл бетте «Ғашық жар» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыран шыңнан басқа жерге қонбайды,
Адам болсаң тағдыр өзі қолдайды.
«Қыз күнінде бәрі жақсы...» дегенмен,
Тәңір сүйсе, жаман әйел болмайды.
Ер жігітсің, не болмайды жолыңда,
Әйелде тұр бақытың да, сорың да.
Жігіттердің жақсы болу қашанда,
Құдай қосқан әйелдердің қолында.
Ғашық болған небір арман ғасырлар,
Әйелдерде не бір сұлу асыл бар.
Баянды өмір бағаласаң – Бақытың,
Аяласаң – әйел деген ғашық жар.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі