Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 782
Оятады шексіз аспан күнді көк,
Ай мен жұлдыз қоршап жанған түнді көк.
Әрбір Адам – бір-бір әлем құпия,
Мәңгілікке – мәңгі келген бір жүрек.
Шексіз әлем – шексіз өзі кең Адам,
Тәңір сыйы – құдіретпен тең Адам.
Әр Адамды – Ғашық етіп жаратқан,
Махаббаттың туындысы – сен Адам.
Келе жатыр сапар кешіп жолда Адам,
Дүниенің тұңғиығын толғаған.
Махаббатпен әрбір Адам –
мәңгі өлмес,
Сенім-үміт, ақыл-сана
сенде Адам.
Қанаттанып ұшқан құссың ұядан,
Бақыт сені күтер сонау қиядан.
Сүю үшін жаратылған жансың сен
Өмірді сүй, сүйші мәңгі,
сүй, Адам!
Қасқағымда өмір өтер білінбес,
Арғымақ ат, тұлпарлар-ай дүбірлес,
Мәңгілікке ену үшін өмір сүр,
Ұлы өмірде махаббатпен ғұмыр кеш.
Сезім-көңіл қанатымен самғап өт
Дүниені – ұрпағыңмен жалғап өт.
Арман етсең – орындалар арманың,
Мәңгі бақи сенімменен арман ет.
Сезіміңді оята біл қалғыған,
Ұмтыл, Адам, адастырмай сан күмән.
Мейрім сені – мерейлі етер біле біл,
Жақсылығың – шығар талай алдыңнан.
Жұмбақтар мол, айналаңда байқар сен,
Теңіз толқып, асау толқын, шайқар сең.
Тәңір сыйлап, махаббатты сен алдың,
Махаббатты махаббатпен қайтар сен.
Сен перзенті ұлан байтақ кең жердің,
Дүниенің бесігінде тербелдің.
Сен Адамсың – мүмкіндігің шексіз де,
Шексіздікті оятуға сен келдің.
Нәзік болып, жаралғансың,
беу, гүлім,
Қуантса да, мұңайтса да
кей күнің.
Сен өмірге мейрімменен қарасаң
Өмір сондай саған шашар
мейрімін!
Сен Адамсың – Тәңір өзі таңдаған,
Сен жұлдызсың жанған әлде жанбаған,
Бұл өмірге бір келгендер
мәңгілік,
Дүниеде жаса-жаса
мәңгі, Адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баға жетпес халқымның жақынымын

  • 0
  • 0

Баға жетпес халқымның жақынымын,
Дүниенің жетпес қолы талайының.
Тәуелсіз қазағымның ақынымын,
Мен өзім – жаңа ғасыр Абайымын!

Толық

Металл

  • 0
  • 0

Металл дейміз химия тілдерінде,
Айналар металға Адам жыр демінде;
Мойымайтын болаттар болғанымен,
Темір — тағдыр майысар бір жерінде.

Толық

Қазақ тілі қаһарманы

  • 0
  • 0

Айналасы ғалымдарға толы адам,
Жан-жүрегін әзіл-күлкі ораған,
САРЫБАЙЛАР әулетінде ұлы той,
Мерейтойын тойлап жатыр ШОРА ағам!

Толық

Қарап көріңіз