Сүйемін – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Сүйемін» атты Шөмішбай Сариев жазған махаббат туралы өлең берілген.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 941
Екеу емес, жалғыз менің жүрегім,
Дүниеде сенсің жалғыз тірегім,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған ұлы өмір.
Күллі аспан, күллі жерге кім ие,
Я, Құдайым, жар бола гөр ұлы ие,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған дүние.
Келер ұрпақ таңырқасын таң қалсын,
Ізімізде ұрпақтар мен ән қалсын,
Өмірді сүйіп өтем мәңгілік, сүйіп өтем,
Сүю үшін жаратылған сен барсың.

Қайырмасы:
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Күнді,
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Гүлді,
Жүрегім жалғыз біледі,
Сүйемін, сүйемін, сүйемін Кімді,
Сүйемін Кімді,
Сүйемін жалғыз Ай,
Жұлдызды түнді,
Сүйемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері