Таңғы сурет

Бұл бетте «Таңғы сурет» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 981
Білмеймін ақ таңымның қанша атарын,
Келемін оң болсын деп жол сапарым.
Вагонның терезесі –
суреттей,
Көрдім мен
сол әйнектен
таң шапағын.
Мақсатқа жетем десең – жалғанды қу,
Қиын ғой жүректегі
арманды ұғу,
Ал-қызыл бояуменен
әшекейлеп,
Табиғат – суретші
салған сұлу!
Күн шығып
келе жатыр
көк жиектен,
Табиғат
жүрегімді елжіреткен,
Ғашығым дүниені көзбен көріп
Сүйемін күллі әлемді
мен жүрекпен.
Табиғат жүрегіңсіз оқылар ма,
Еңсесін биік алған шоқылар да.
Қасқағым табиғатты түсіну де
Бұл да бір зердесімен тоқығанға.
Аспан тұр – түрлі бояу,
теңбілденіп,
Қыс-көркем айқасыңа
жер гүлденіп
Алматы – Астананың
сапарында,
Ғажайып сұлулықты
кидім көріп.
Поезда мен келемін тербелгендей,
Табиғат өзі маған нәр бергендей.
Қаһарлы кәрлі қыс та,
бір сәт еріп,
Көктемгі
нәзіктікке жол бергендей.
Өмірлік табиғатпен енді өлеңім,
Өлең-жыр, саған мәңгі
дем беремін.
Қыс-көктем,
кездесуін
мен қызықтап,
Поезбен
жүйткіп-ағып
мен келемін.
Бас иіп жолым болар Тәңір десем,
Болар ма, енді басқа жол іздесем.
Мен сенің Жыршың болып өтем мәңгі,
Табиғат сенен мәңгі қол үзбесем!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңғы сурет өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Таңғы сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңғы сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңғы сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері