Теңселіп терек байқап тұр
Бұл бетте «Теңселіп терек байқап тұр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Теңселіп терек байқап тұр,
Ойлай да білсең, ой тапқыр.
Малынып сұлу ақ қарға,
Оранып жатқан ойпат-қыр.
Аман қып татқан сан у-дың
Ғажап-ау көзі танудың,
Ойпат-қыр кейде төсіндей,
Шалқалап жатқан Арудың.
Жата ма ару малынбай,
Бір жігіттің бағындай.
Ойпат-қыр кейде төсіндей,
Ақ балтырлы санындай.
Төгіліп күйдің пернесі,
Разы да болып «еу» деші
Батырдың кейде ойпат-қыр,
Сауыт киген кеудесі.
Біткен істей иіні,
Толғаулы тоқсан түйіні.
Жауға шапқан ойпат қыр,
Батырдың бас киімі.
Ақынның озып қиялы,
Кеудеңе батырып сияды.
Ойпат-қыр кейде дүбірлер,
Тұлпарлардың жойқын тұяғы.
Теңселіп терек байқап тұр,
Ойлай да білсең, ой тапқыр.
Осылай ойға қалдырды,
Оранып жатқан ойпат-қыр!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі