Тау асып, құзар шыңға жеткенімде

Бұл бетте «Тау асып, құзар шыңға жеткенімде» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Тау асып, құзар шыңға жеткенімде,
Бір ғажап көрініс көрдім көктемімде,
Алатаудың басында қар жауды да,
Нөсерлеп жаңбыр жауды бөктерінде.
Бірің қалып, озасың бірің көштен,
Дүние-ай, неткен жұмбақ дүбірлескен,
Алатаудың басында қарлы қыс тұр,
Етегі көктем болып ғұмыр кешкен.
Ақ бұлттар асқар тауды асып жеткен,
Тіршілік несібесін шашып төккен.
Алатаудың ақ шыңы мұз боп қатқан,
Алатаудың бауыры ғашық көктем.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері