Амансың ба, көзкөрген – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Амансың ба, көзкөрген» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1322
Амансың ба, көзкөрген,
Дүние мынау өзгерген.
Аға ұрпақтар аялдап,
Жас ұрпаққа сөз берген.
Өмір деген ғажайып,
Кеудені кең жазайық.
Ыстық тартты көзкөрген,
Жылдан жылға азайып.
Амансың ба, көзкөрген,
Жол да мынау кез келген.
Сәлемдестім өзіңмен,
Жан жылуын сезгеннен.
Туған жерің – бұл асыл,
Жусаны мен жуасы.
Көзге ыстық көзкөрген,
Жастық шақтың куәсі.
Амансың ба, көзкөрген,
Қиындыққа төзгеннен.
Жүйрік әмір, бұл тағдыр,
Қайда барар безгенмен.
Жастық өтті – мұңайдым,
Өміріме жұбандым.
Жанға ыстық, көзкөрген,
Көріп сені қуандым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері