Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған

Бұл бетте «Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 461
Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған
АЛДИЯР немереме
Мен ШӨМІШБАЙ болғалы,
Басыма бақ қонғалы,
Алғаш рет атымды,
ФАМИЛИЯ етіп қойғалы,
Төбем көкке жеткендей,
Қасиеттеп қастерлеп,
Қалың қазақ орманы,
Мен ШӨМІШБАЙ болғалы.
Құстай талай самғадым,
Жанды жарық шамдарым,
Аққан дария сарқырап,
Шықты алдымнан жарқырап,
АЛДИЯР боп арманым.
Аман бол деп нұрлы ізім,
Жарық биік жұлдызым,
Көрдім көкте жанғанын,
Құстай қайта самғадым.
Бұл да өмірдің бағы ғой,
Көзімнің қара, ағы ғой,
Толқитын жүрек шағы ғой,
Сағымнан жеткен сәуледей,
Шырағын жақты жаныма ой.
Өркен жаяр қанатын,
Бала өмірдің балы ғой,
Әлпештесе атыңды,
Бұл да өмірдің бағы ғой.
АЛДИЯР атың, ал, тақсыр,
Бақ қонсын патша, болыстай,
Алатаудай даңқың бар,
Қазақ деген халқың бар,
Өмір бәйге жарыстай,
Айналайын, АЛДИЯР,
ФАМИЛИЯҢ СЕНІҢ –
ШӨМІШБАЙ!
Айналайын, АЛДИЯР,
Жанарда тұнған сан қиял,
ҚАРАКӨЗ, АЙША, ГАУҺАРДЫҢ,
ЗЕЙНОЛЛА мен МЕДЕТТІҢ,
НАЗАРБАЙЫМ бауыры –
Немеремсің жетінші,
Атымды алған АЛДИЯР,
Биік болып тұғырың,
Ұзақ болып ғұмырың
Бақытты бол, АЛДИЯР!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менің атымды алғаш рет фамилия етіп қойған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері