Дүние сенің жолыңда

Бұл бетте «Дүние сенің жолыңда» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1001
Дүние сенің жолыңда,
Ереміз ілбіп соңында.
Бар тағдырың бір ғана,
Бір Алланың қолында.
Дүние сенің ізінде,
Дайынбыз біздер жүзуге.
Сүйеміз бірақ ғұмырды,
Ажал бар дайын үзуге.
Дүние сенен кім асқан,
Табынып саған сырды ашқан,
Сырласады менімен,
Жұлдызың жанған түнгі аспан.
Түніме әрбір разымын,
Ойлардың қаққан қазығын.
Өлшесем мезгіл маусыммен
Көктемі мен жазымын.
Түйе мен аттың қомында.
Бір Алланың қолында.
Құрабан екем мен Адам,
Дүние сенің жолыңда!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дүние сенің жолыңда өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Дүние сенің жолыңда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дүние сенің жолыңда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дүние сенің жолыңда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері