Бұлт үрікті

Бұл бетте «Бұлт үрікті» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 747
Шуағы мол, күн отты,
Бітіп айы көктемнің,
Ойды, қырды түлетті,
Жаңбыр күтпес көктен кім?
Жон тобарсып, күн ысып,
Жаз шағырмақ, жол шаңдақ,
Шөп басы да бүрісіп,
Тамшы тосты тамсаурап...
Тарақталған топырақ,
Жон жыртылған теп-тегіс,
Ақ дән шашқан атырап,—
Аңсап ылғал жатты, егіс.
Десіп шалдар: биылғы
Болар екен жаз қалай?
Агроном да шүйілді
Жер қыртысын қазбалай.
Шопандар да қой жайып
Шоқтығына Үшқонар,
Шында қыран қомданып
Бұлт шақырды түсте бір.
Қомданды ма, сол құс та
Жууға әлде қанатын?
Көк бұлт ойнап алыста
Тына қалды дала тым...
Кенет, алыс: аспанда
Ақ бұлт киіп көк шапан,—
Тау өркешін басқанда,
Қой қайтарды топ шопан.
Болғыл тұман етегін
Самал серпе желдетіп,
Бұлт жаңбырдың жетерін
Сездірді бір селдетіп.
Күн күркіреп көгінде
Бұлт үрікті дүр етіп,
Сілкінді әне егін де
Жер бүйірі дір етіп.
Себелеп ала жөнелді,
Сорғалай кейде ақ жауын,
Жуына түсті жон енді,
Жарқырай түсті жан-жағым..
Шексіз егін етегі,
Қыр құлпыртты нарт гүлді!
Тың жердегі мекені
Қуана дихан қарт күлді.
Алшы киіп қалпағын,
Аша тұяқ қой баққан,
Шопанды шат байқадым
Жазда ән салған аулақтан.

1957


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт үрікті өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Бұлт үрікті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт үрікті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт үрікті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері