Бұл бетте «Дүние сенің жолыңда» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дүние сенің жолыңда,
Ереміз ілбіп соңында.
Бар тағдырың бір ғана,
Бір Алланың қолында.
Дүние сенің ізінде,
Дайынбыз біздер жүзуге.
Сүйеміз бірақ ғұмырды,
Ажал бар дайын үзуге.
Дүние сенен кім асқан,
Табынып саған сырды ашқан,
Сырласады менімен,
Жұлдызың жанған түнгі аспан.
Түніме әрбір разымын,
Ойлардың қаққан қазығын.
Өлшесем мезгіл маусыммен
Көктемі мен жазымын.
Түйе мен аттың қомында.
Бір Алланың қолында.
Құрабан екем мен Адам,
Дүние сенің жолыңда!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі