Туған жерден қызғалдақ гүл жиюмен
Бұл бетте «Туған жерден қызғалдақ гүл жиюмен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Туған жерден қызғалдақ гүл жиюмен,
Ата-ананың алдында бас июмен.
Қимай-қимай қоштасты ғой өмірде
Балалығым мәңгі анамды сүюмен!
Қандай ғажап, көктем-ғұмыр аспаны,
Жас дәуренім теңіз болып тасқаны.
Жастық шағым өзіңменен кезікті,
Ғашық жүрек сені сүйе бастады.
Қайда болсам, бір сені ойлап жолда да,
Өзің дестім, сезім кештім толғана.
Балалық шақ, алғашқы пәк сезімім,
Жастық шақтың махаббаты – сен ғана!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі