Өлең, жыр, ақындар

Кім бар

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3383
Арыстанбыз алысқан алмай қоймайтын,
Аш бөріміз ағызса қанға тоймайтын.
Қолда қуат, бойда сымбат, жүректе от,
Жас батырмыз мыңға жалғыз болмайтын.
Жолға шықсақ, жел жетпес бедеу мінеміз,
Қайрат қозса, қан майданда жүреміз.
Көзге жанар, көкірекке күш болып,
Долданғанда тепсек темір үземіз.
Сырылдатып алысқа жақ тартқанда,
Қозы жаурын оқ жоғалар атқанда.
Өткір қылыш, дүзі құрыш болаттан,
От жарқылдар жауға жалғыз шапқанда.
Жан қиямыз жаудың жүріп соңында,
Иманымыз азаттықтың жолында.
Атақ, алтын, асыл зат бізге керекпіз,
Жиғанымыз жетім - жесір қолында.
Төбесі қар, бауры жібек, түбі тас,
Асқар таулар, мың жасаған түрлі ағаш.
Су сылдыры, жердің гүлі, құс жыры,
Бізді қостап шуылдасар аралас.
Мың сан қолдың ақырып, бетін серперміз,
Жортып жүріп жалаң қылыш сілтерміз.
Жау қанына балдағынан батырып,
Айдарына өткір жүзін сүртерміз.
Қан сасыған, бас төселген майдан бар,
Қанға құмар қайраулы болат қанжар бар.
Бауыздалық қосақтап бірге шығыңдар,
Қарсыласар қайда, қандай жаулар бар.
Қайрылысып қарсы қылыш шабысар,
Көкірекке керіліп найза салысар.
Сұм жүрегін ажал оққа тестіріп,
Кім бар бізбен қан майданда алысар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

А, дариға - ай

  • 0
  • 0

Ес білгендей болсам да күні кеше,
Одан бері жыл өтті әлденеше.
Содан бастап бір бөлек өмір сүріп,
Өзге түрмен жасаппын бұл күнгеше.

Толық

Мен естіген көп адам

  • 0
  • 0

Мен естіген көп адам
Өсіресе ақындар,
Тойған болып дүниеден,
«Құрсын» деп «тұрмыс» тақылдар.

Толық

Ақын (А.С.Пушкиннен)

  • 0
  • 0

Әзірге әуре емес ақын анық,
Күні кеп қан құрбанның кезек салық.
Жазғанның азабы мен - ақ зарында,
Қыршын жас күн ілгері болған ғарық.

Толық

Қарап көріңіз