Бір өлең сені күтіп келем енді – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Бір өлең сені күтіп келем енді» атты Шөмішбай Сариев жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 936
Бір өлең сені күтіп келем енді,
Құдірет сезім күші бөлеп елді,
Ананың ақ сүтіндей уыз дәмді,
Мен жазып қалдырамын сол өлеңді!
Білемін ғұмыр болмас алда мұнша,
Қағам қанат – қанатым талғанынша,
Мен өлмеймін,
өмірде
мен тірімін,
Жер бетінде бір қазақ қалғанынша!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері