Шалқайып шықтым үйіңнен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шалқайып шықтым үйіңнен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1535
Қыдырып бара қалып ем,
Үйіміз тар деп қысылдың.
Әрине, базар барымен,
Жаныңды дарқан түсіндім.
Қолымды жуған сәтте бір,
Орамал кір деп қысылдың.
Адамға деген ақ көңіл
Екенін таза түсіндім.
Дайындық болмай қалды деп,
Дастарқаныңнан да қысылдың.
Риза болдым барды жеп,
Жомарттығыңды түсіндім.
Мәжіліс құрар мәнді сөз
Айтпадым деп те қысылдың.
Жүректен шыққан жанды сөз –
Ниетіңе адал түсіндім.
Айрылма осы несіптен,
Айрылма осы күйіңнен.
Еңкейіп кіріп есіктен,
Шалқайып шықтым үйіңен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері