Қыземшектегі түн – Светқали Нұржан

Бұл бетте «Қыземшектегі түн» атты Светқали Нұржан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1290
(этюд)

От - жұлдызы тамған аспан айшықты,
Шоқ - сезімді лап еткізді тұтатып. —
Төбешіктің дәл үстінен ай шықты,
Бөбешіктен шыққандай - ақ сүт атып ...
Қайдан ғана жариын мен мінезге,
Тәңір, міне, тағы мені қақсытты. —
Сәби - бұлт кеп еміп қойды лезде,
Бөбешіктің ұшындағы ақ сүтті ...

1987 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері