Сексеуіл де гүлдейді

Бұл бетте «Сексеуіл де гүлдейді» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 989
Аппақ құм шөл далада туып өскен,
Тағдырдың тауқыметін уын ішкен.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тамыры терең ғасыр суын ішкен.
Ғұмыры аптап ыстық күн астында,
Өмірі – Жұлдыз= айлы түн астында.
Шөл далада мен өскен сексеуілмін,
Тарихы қалған талай құм астында.
Сағымданар құмдары көшкенде алдым,
Аралдың ақ құмында өскен жанмын.
Тамыры жеті қатпар жер астында,
Тағдырын сексеуілдің кешкен жанмын..
Еңсемді еңкейтпестен өрге менің,
Тағдырды мендей тартып көрген елім.
Жел тербеп жасылданып Жер үстінде,
Сонда да желбірейді көк желегім.
Көк желекпен жүрегім гүлдеп менің,
Өткіздім тағдырымның түрлі өткелін.
Күресіп өмір үшін қатып семген,
Тұғырлы сексеуілдей діңгектерім.
Бітпей кейде, біткендей бірі істің де,
Береді бұл тіршілік тыныс кімге.
Бостандық ғұмыр кешкен ұлы Еліммен,
Гүлденді сексеуіл де құм үстінде!..

17 желтоқсан 2012 жыл
Алматы шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сексеуіл де гүлдейді өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сексеуіл де гүлдейді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сексеуіл де гүлдейді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сексеуіл де гүлдейді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері