Екі арада таңым атып, күн батып
Бұл бетте «Екі арада таңым атып, күн батып» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Екі арада таңым атып, күн батып,
Дүниеде өзің мені жырлатып.
Поэзия падишасы – лирика,
Сеніменен кездескенім бір бақыт.
Жер анам да бір орнында тұрмайды,
Дүниенің өзі де ақын жырлайды.
Поэзия падишасы – лирика,
Сеніменен қоштасқаным бір қайғы.
Қарашығы, қос жанарым шырағы,
Кәусар мөлдір өмірімнің бұлағы.
Поэзия падишасы – лирика,
Кездесу мен қоштасудан тұрады.
Қимай осы, өмір сүріп аңсаған,
Көз алдымда өтті менің қанша адам.
Қайғым да осы, бақытым да – лирика,
Басымды идім, О, падишам, мен саған!
18-19 желтоқсан 2012 жыл
Алматы шаһары
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі