Сусамыр – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Сусамыр» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 896
Сусамырдың жұмағы-ай,
Шалғын жота тұнады-ай.
Сені көрсем жанады,
Көзімнің қос шырағы-ай!..
Сусамырдың даласы-ай,
Тауы қандай қарашы-ай.
Махаббат боп қосылған,
Екі өмірдің арасы-ай!..
Сусамырдың сұңқары-ай,
Сусамырдың тұлпары-ай.
Көңілің кеткен сол қызға,
Қашан көрсең іңкәр-ай!..
Сусамырдың сулары-ай,
Шалғын шөбі ну тоғай.
Ғашық болған жандардың,
Басылар ма іңкәрі-ай!..
Қашан көрсең қалғымай,
Басын иген бал құрай!
Сусамырдың қыздары-ай,
Сусамырдың шалғыны-ай!..
Ай, Сусамыр, Сусамыр,
Тағы сендей туса бір,
Ағы, қызыл, көгі бар.
Көбелектей қуса бір,
Сусамыр-ай, Сусамыр!..

17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары
Ұшақ үстінде жазылған өлең.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сусамыр өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Сусамыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сусамыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сусамыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері