Өрт пен су – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өрт пен су» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1905
Өрт пен су –
Тілсіз жау деген,
Ойнама анау тауменен
Бір-ақ күнде тас талқан
Жүзіп жүрген сау кемең.
Өнбейтін досың дау болар,
Өрт пен су тілсіз жау болар.
Табынсаң Құдай, Аллаға,
Он екі мүшең сау болар.
Нәзік те мықты мына гүл,
Құдірет Аллам - ұға біл.
Тілсіз жауың өрт пен су,
Шалмасын десең дұға қыл!
Өмірдің өзі дана деп,
Көзіңді көкке сала кет
Айналайын өрт пен су,
Халқымды менің аман ет!

шілде 2012 жыл
Лондон шаһары


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері