Тауда – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Тауда» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.12.2015
  • 0
  • 2
  • 16593
Шоғыр тас, құлама құз төніп тұрған,
Қарағай басын иіп тағзым қылған.
Бар тіршілік қойнына паналаған,
Алып дене құралған ұзақ жылдан.
Мүлгіген ну орманы сыңсып жатты,
Долы өзені долдана жылап ақты.
Суық соққан самалға шын жартастар,
Кере төсеп кеудесін аймалатты.
Жотада арқар жортқан, елік ойнап,
Қара тас бітпегендей мәңгі ойлап.
Қанатын кесе сілтеп құстар да жүр,
Тамаша табиғаттың тойын тойлап.
Алып жота, асқар шың, ұлы кеуде,
Көз жібердім көлбеген кербез белге,
Тауда тұрып тамаша сырын ұғып,
Бет сүйгіздім азырақ самал желге.


Пікірлер (2)

Аяулым

Өте керемет!

Айдын

Күшті екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері