Аңсайды құс көңілім әлде нені – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Аңсайды құс көңілім әлде нені» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 635
Аңсайды құс көңілім әлде нені,
Бір сәтке тастап қашып, жан, денені.
Елегізем, бос қиял, үмітпенен,
Кеш батса, күліп тағы таң келеді.
Келмейді ешкімге де енді ұанғым,
Сендегі салқындықтан сөнді жалын.
Оралып өткен шаққа сезім кешем,
Сыр сауып қос шегінен домбыраның.
Жолдай бір жолаушының қалпын бағам,
Жастық жоқ, жан таңдамай жарқылдаған.
Кешегі қызығы көп қызыл дүние,
Қарайды қабағымен салқын маған.
Арқасын беріп кетті ақылшым көп,
Жауыма неге менің, жақынсың деп.
Бір інім өз көзіме мақтап отыр,
«Әулие, көзі тірі ақынсың» деп.
Танымын таңданумен білдіреді,
Ән бе екен?
Кеудемдегі бұлбұл емі.
Соншама асықтырған алдымдағы,
Келетін Күнім шығар кім біледі?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері