Лондон түні
Бұл бетте «Лондон түні» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Лондон түні шырайлы,
Көңілің қайда құлайды.
Сағынды ма жүрегім,
Елді ойлап мұңайды.
Лондон түні жұмақтай,
Аққан күні бұлақтай.
Көгімізден самсайды,
Жұлдыздары сұрақтай.
Ойлантады түнгі әлем,
Неге келдім мұнда мен?!
Кейде шалқып тасамын,
Батам кейде мұңға мен.
Құнарлы екен жері де,
Ұлы Британ елі де.
Лондон түні ұйқысыз,
Ұйықтатпайды мені де!
Бір үмітке жетерміз,
Көз ілмедік бекер біз,
Сырласамыз ұйқысыз
Лондонменен екеуміз!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі