Лондонның құшағына ендім мен –
Шөмішбай Сариев
Бұл бетте «Лондонның құшағына ендім мен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірде бұл құпия мен білген
Бұл өмірде бұл құпия сен білген,
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда,
Лондонның құшағына ендім мен
Бұл бір түнді баяны мол бақ білген,
Жұлдыздардың арасынан ақтым мен
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды құшаққа орап жаттым мен.
Махаббатты бір ерекше күн білген,
Сенің отты құшағыңда күйдім мен.
Сенің аппақ құшағыңда жатқанда
Лондонды аймалап сүйдім мен.
Махаббатқа жететұғын жол білді
Мен аңсаймын әлі күнге сол күнді.
Сені сүйіп жатқанымда өмірде
Содан бері сүйіп кеттім Лондонды!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі