Өлең, жыр, ақындар

Көше толы шешен көп

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 660
Көше толы шешен көп
Көше толы көсем көп.
Лондон ақын қала екен,
Лезде жауған нөсерлеп.
Көше толы жұрт, халық,
Нұрларынан құт тамып.
Лезде жауып лезде,
Шабыттанған бұлттанып.
Бірде бұлтты, бірде күн.
Ашар нөсер ілгегін.
Жауа салар өлеңдей
Алмай тұрып бір демін.
Жаңбырлатып аспаннан,
Жанарынан жас қалған.
Тоқиды екен шілтерді,
Мрамордай тастардан.
Шарт сынардай шынысы
Лондонның ұлы ісі.
Олимпиада иісі аңқып
Спорт екен тынысы.
Келгендейін таласып,
Болсашы бір дауасы.
Олимиада иісі аңқып
Тұр көшенің ауасы.
Әуелеген әндердей.
Жатпас жұрты жан керней.
Лондон ақын қала екен
Мінезі бар дәл мендей.

23-24 шілде, 2012 ж.
Лондон шаһары.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Испан қызы

  • 0
  • 0

Испан қызы биле-биле, биле сен,
Биді сондай билер ме едің сүймесең,
Биді сондай билер ме едің өрт болып,
Махаббатты отына сен күймесең,

Толық

Адамның бар өмірі Күн мен Түнде

  • 0
  • 0

Адамның бар өмірі Күн мен Түнде,
Шуқа отын беретін гүл мен жерге.
Жүрек сөзін жеткізер дүниеге,
Ақын сөзін айтады Тіл мен Елге.

Толық

Менің жаным

  • 0
  • 0

Менің жаным — қарапайым өмірдей,
Менің жаным — жұмбақ әлем-көгімдей:
Жұлдыздары жатар кейде жарқырап,
Жұлдыздары жатар кейде көрінбей.

Толық

Қарап көріңіз