Айналайын, Алматым
Бұл бетте «Айналайын, Алматым» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әлем көрдім, жер көрдім,
Талай-талай ел көрдім,
Көрдім талай шаһарды,
Тебірендім тербелдім.
Алатауым – Алматым,
Қайта оралып мен келдім.
Токиода із қалды,
Стамбулға жүз бардым,
Париж көрдім,
Көрдім анау Берлинді,
Көрдім талай астана,
Көрдім талай елдерді.
Жер жаһанда жол қалды,
Жүрек талай толғанды.
Бардым, көрдім,
Прага мен Делиді,
Көрдім талай астана,
Талай шаһар төріңді.
Лондон бардым,
Рим бардым,
Бәріне де таңқалдым,
Бірақ менің жәннатым,
Ұшсам биік қанатым,
Саған мәңгі жетер ме,
Айналайын,
Алматым!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі