Өлең, жыр, ақындар

Қанша заман осылай жер басып ең

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 536
Қанша заман осылай жер басып ең,
Туған елім қашанда төрге асық ең,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Өткен ғасыр кезікті Елбасымен!
Бұлт көшіп Алатауға барады ауыр,
Нөсер жаумай өткенін қарады ауыл,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Басталды Тәуелсіздік Жаңа Дәуір!
Айналғандай дүние саябырға,
Біле алмай баянсызын, баянын да,
Жаңа Дәуір басталды қазағымда,
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында!
Басталды ұлы тарих тағы сыны,
Бостандықтың болатын алыс үні,
Көрінді Тәуелсіздік көш басында,
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ӘБІШҰЛЫ!
Елбасымыз хандардың бәрін талғап,
Елі үшін ары менен жанын жалғап,
Есілдің жағасына салды ескерткіш,
Қазақтың Кенесары ханына арнап.
Танытты Тәуелсіздік таң кемелін,
Тоғысқан теңізіндей сан кеменің,
НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ дәлелдеді,
Мәңгілік тірі екенін Хан Кененің!
Жетті аман ұрпақтарға алыс үні,
Қалғымай қазағымда намыс үні,
Тірілткен Кенекемді қайта оятып,
ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ!
Тәуелсіздік айналды ержетуге,
Бостандық күйі елімді тербетуде.
ПРЕЗИДЕНТ!
ТҰҢҒЫШ ЕЛДІҢ КӨШБАСШЫСЫ,
МӘҢГІЛІК!
ҰЛЫ ТАРИХ!
ЖЕР БЕТІНДЕ!..
* * *
Кеудемізге қуаныштан жас тамды,
Тәуелсіздік ашты көкті, аспанды,
Хандық дәуір аяқталып елімде,
ЖАҢА ДӘУІР,
ЖАҢА ДӘУІР БАСТАЛДЫ!..

15 қараша 2012 жыл
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үш дос немесе шырылдайтын сағат туралы жыр

  • 0
  • 0

Жарасқан жайсаң жастық кез болатын,
Тілеулес көңілдерге көз қанатын,
Бір-бірінсіз өтпейтін уақыт та,
Сағаттың үш тіліндей қозғалатын.

Толық

Шөл даланың көкжалы

  • 0
  • 0

Шөл даланың құмын айт,
Ирім-ирім теңіздей,
Сол бір құмның сырын айт,
Адамменен егіздей.

Толық

Қазағымның күйлері-ай

  • 0
  • 0

Сағынышты жүрегімнің назындай,
Қырдың әсем қалқып ұшқан қазындай,
Сырлы әсем Сырдария сазындай,
Аңыраған аққулардың мұңындай

Толық

Қарап көріңіз